Биылғы оқу жылының қараша, желтоқсан айларында мектеп оқушылары апталап сабақтарын онлайн форматта оқуға мәжбүр болды. Сондай-ақ су тасқынынан байланысты тіршілік нәрі берілмей, балалар қашықтан оқу үдерісіне ауыстырылды. Сол себепті жоспарлы демалыс уақытында жазғы мектеп жұмысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, облыста жазғы мектеп мамырдың 27-сі мен 31-і және тамыздың 26-сы мен 30-ы күндері аралығында жұмыс істемек.
– Облыста жазғы мектептер 422 білім беру нысанының базасы негізінде жұмыс істейді. 1-10 сыныптың 21 мыңнан астам оқушысы қыста және көктемгі уақытта игере алмаған тақырыптарды тағы бір мәрте қайталайды, — дейді баспасөз қызметі.