Оңтүстіктен солтүстікке көшіру науқаны 7 жылда қандай нәтиже көрсетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Теріскейге көшу: Қоныстандыру бағдарламасына қандай жаңашылдықтар қажет?». Петропавлда осындай тақырыппен көші-қон мәселесіне қатысты талқылау өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Paperlab» зерттеу орталығының басшысы Серік Бейсембаевтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысына 2017-2021 жылдар аралығында оңтүстіктен солтүстікке 12 мың адам көшіп келген.

Оның екі мыңы тұрақтамай, қайтып кеткен.

— Бағдарлама 7 жылдан бері жүзеге асып келеді. Оның артықшылығы мен кемшіліктерін білеміз. Бұл кездесуде СҚО-дағы нәтижесін талқылаймыз. Жергілікті қоғам өкілдерінің пікірін біліп, жоғары жаққа ұсыныс беруіміз керек. Жалпы мұндай талқы бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Теріскейге көшу бағдарламасының қазіргі күні ең басты мәселесі — бұл бағдарламаға бір қорытынды, зерттеу жасау қажет. Осы уақытқа дейін өңірге көшіп келген адамдардың қаншасы тұрақтап қалды және әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай? Қазір бұл туралы мәлімет өте аз, — дейді Серік Бейсембаев.

Әлеуметтанушының айтуынша, көшіп келгендердің осы жаққа сіңісіп кетуі де — үлкен мәселе.

— Бейімделуге климат қана әсер етпейді, ол әлеуметтік-экономикалық сипатқа да ие: жұмыс табу, үй-жай мәселесі, білім алу, балаларды оқыту — осындай кешенді, қордаланған мәселелер бар. Оларды шешудің тек бір ғана оңай жолы жоқ. Ол қаржыға ғана келіп тірелмейді, жергілікті биліктің, қоғам белсенділерінің араласуымен шешілетін мәселе. Яғни көшіп келген адамдар өз мәселесімен жеке қалмауы тиіс. Олардың мұң-мұқтажын, шағымын жоғары жаққа жеткізе алатындай мүмкіндігі болуы керек. Сондай-ақ түрлі іс-шараларға қатысу арқылы өзін осы аймақтың тұрғыны ретінде сезінуі өте маңызды. Қазіргі күні оларға тек қана үй, жұмыс табу мәселесі бойынша ғана көмек көрсетіледі, ал жалпы әлеуметтік-мәдени ортаға сіңістіру жағы қарастырылмаған, — дейді Серік Бейсембаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz