Петропавл қалалық сотында Қызылжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол салық көрсеткіштерін бұрмалау арқылы 1 миллион теңгеден астам қаражатты қалтасына басқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық сотта экс-шенеуніктің кінәсі толық дәлелденді.
-Мұндай қылмыс бойынша айыппұл салу, бас бостандығынан айыру сияқты жазалар қарастырылған. Бірақ, сотталушының кінәсін толық мойындағынын және кәмелетке толмаған баласы барын ескеріп, жазасын жеңілдетті, деп хабарлады қалалық сот өкілдері.
Сондықтан сот Қызылжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы басшысына 10 млн. 270000 теңге айыппұл салды. Бұл жымқырған ақшасының 10 еселенген мөлшері. Сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылды.
Солтүстік Қазақстанда жоғары лауазымды шенеунікке қатысты сот үкімі шықты
524
алдыңғы жаңалық