СҚО-да полицейлердің ата-аналарына құрмет көрсетілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызмет барысында және төтенше жағдайлар кезінде ерлік пен кәсібилік танытып, адамдардың өмірін құтқарып қалған солтүстікқазақстандық полицейлердің ата-аналарына облыстық полиция департаментінде құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Шара барысында су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан бірқатар полицейлер СҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Өткен жылғы жаз бен осы жылдың мамыр айы аралығында Петропавл қаласы полиция басқармасының құрамындағы патрульдік полиция батальонының бірден үш инспекторы және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің бір жедел уәкілі өз өмірлерін қатерге тіге отыра адамдардың өміріне араша түсті.

Ерген мен Күләй Қошмағамбетовтер – полиция аға лейтенанты Жәнібек Әнуарбековтің ата-анасы. Ол 2023 жылдың қараша айында жанындағы әріптесі полиция старшинасы Қанат Балтабаевпен бірге жанып жатқан үйден отбасылық жұпты құтқарып алды, іле газ баллонын да алып шықты. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов Ерген Әнуарбекұлы мен Күләй Жұмағалиқызына және Қанат Балтабаевтың анасы – Бибігүл Аманбайқызына ұлдарын нағыз лайықты ер азамат етіп тәрбилегендері үшін алғысын айтып, халық пен мемлекет игілігі үшін мінсіз қызмет атқаруын тіледі.

Өткен жылы күзде Есіл өзенінің мұздай суынан әйелді құтқарып алып шыққан полиция лейтенанты Олег Головиннің анасы Евгения Головинаға да ПД басшылығы алғыс айтып, жиналғандардың қошеметіне ие болды. Бұдан бөлек, салтанатты жиынға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің жедел уәкілі Өмірсерік Бірімнің анасы Орынбасар Күнқаева да келді. Оның ұлы он күн бұрын аудан орталығы Новоишимское ауылында өртеніп жатқан үйден 85 жастағы зейнеткер әжейді құтқарып қалды. Сонымен бірге су тасқыны кезінде белсенді қызмет атқарған СҚО ПД инспекторы полиция капитаны Мақсат Медетов, Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Айнагүл Омарова мен Ерболат Елубаев, Темірлан Аманжолов және ПД қызметкері Дәурен Байтұяқов СҚО әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz