Мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасы аяқталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Оған өңірдің қала мен аудандардың жергілікті атқарушы және аймақтық органдар мен күш құрылымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер спорттың бірнеше түрінен сынға түсті. Спартакиада екі аптаға созылды. Алдымен қатысушылар тоғызқұмалақтан, үстел теннисі мен шағын футболдан мықтыны анықтады. Кейін қазақ күресі, волейбол, гір көтеру, жүзу және шахматтан өз араларында бақ сынады.

– Жарыс 8 спорт түрінен өтті. Спартакиаданы қорытындылай келе жергілікті атқарушы және аймақтық орган командалары арасында бірінші орын СҚО әкімі аппаратына бұйырды. Екінші сатыға СҚО дене шынықтыру және спорт, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау басқармалары жайғасты. Үздік үштікті облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен СҚО бойынша ҚР сот әкімшілігі департаменті командалары қорытындылады, – дейді баспасөз қызметінде.

Күш құрылымдары арасындағы спартакиаданың қорытындысы бойынша бірінші орын СҚО ҰҚК департаменті командасына бұйырды. Екінші орынға облыстық экономикалық тергеу департаменті ие болса, қола жүлде СҚО ТЖД қол жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz