Солтүстік Қазақстанда қарттарды вакциналау республикалық көрсеткіштен төмен

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов 60 жастан асқан адамдарға екпе салу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 60-тан асқан 23 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Бұл жалпы аурудан көз жұмғандардың 79 пайызын құрайды.

-Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатқандардың 82 пайызы қарт адамдар. Жалпы, реанимацияда 18 адам бар. 160-тан астам науқас оттегі аппаратының көмегі арқылы тыныс алып жатыр, деді Нұрлан Айманов.

Қаңтар туғалы облыс бойынша егде жастағы 1425 солтүстікқазақстандықтың ПТР-тесті ауру жұқтырғанын растаған. Олардың 95 пайызы екпе қойдырмаған.

-Облыс бойынша 60-тан асқан 115 343 адамға вакцина қойылуы тиіс болса, қазіргі таңда 65 мыңы ғана екпе салдырған. Бұл 56,3 пайызы ғана, ал республика бойынша 63 пайызды құрайды. Мысалға алар болсақ, Ресей, Италия, Өзбекстанда егде адамдарға екпе салу сәйкесінше — 75,85,98 пайызды құрайды, деді Нұрлан Айманов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz