Облыста «Zhas Project» бағдарламасы аясында жеңіске жеткен 8 азамат марапатталды. Оларға 1 млн. теңгелік сертификаттар табысталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тың бағдарлама осал топтағы жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба болып табылады. Оның мақсаты – NEEТ санатындағы жастарды кәсіпкерлікке тарту және оларға қолайлы жағдай жасау.
«Zhas Project» бағдарламасы аясында өткізілген байқауға 33 үміткер қатысты. Олардың тек 8-нің жобасы үздік танылды.
– Өзім омарташылықпен айналысып келемін. Жобаға өзімді сынап көру мақсатында қатыстым. Аралардың балын жинау оңай іс емес. Ең алдымен ара ұясын жасау қажет. Ол үшін мен арнайы қондырғыға тапсырыс бердім. Оның көмегімен ағаштан үйшіктер жасаймын. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, — дейді Дмитрий Морозов.