Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 6925 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Олардың тек 261-і, яғни 3,8 пайызы ғана екпе салдырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Аймановтың хабарлауынша, өңірдегі екпе алуы тиіс 76 746 адам екпе салдырмаған. Бұл екпе алуы тиіс адамдардың 21 пайызы.
-Түсіндіру жұмыстары медицина мекемелерінде болсын, жергілікті атқарушы билік органдары тарапынан болсын, әлсіз жүргізіліп жатыр. Бұған қоса ревакцинация уақыты да коронавирустың өршу уақытымен сәйкес келіп қалды. Сондықтан ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуіміз керек, деді Нұрлан Айманов.
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандардың 96 пайызы вакцина салдырмаған
515