Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде солтүстікқазақстандық Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде сербиялық сербиялық Кристина Кулуховамен кездескен еді.
Тартысты өткен бәсекеде төрешілер шешімі бойынша 3:2 есебімен сербиялық боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Енді ел құрамасынан Римма Волосенко (60 келі) үндістандық Анкушита Бороен кездессе, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) италиялық Джанлуилджи Малангамен рингке шығады.
Сондай-ақ, лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жектерінде Назым Қызайбай (50 келі), Валентина Хальзова (75 келі) жеңіске жетті.