Петропавлда «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай шахматтан турнир өтті. Банкирлер клубының қолдауымен өткен жарысқа 200-ге жуық бала қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыс екі жас ерекшілігі бойынша ұйымдастырылды. 6-10 және 10-14 жас аралығында оқушылар өз араларында мықтыны анықтады.
– Шахматтан оқушылар арасындағы жарыс дәстүрлі. Биыл облыс чемпионатында 6 жеңімпаз анықталды. Өткен жылдары командалық есепте жеңіске жеткендер бағалы сыйлықтармен марапатталса, осы жолы жекелей сында алға суырылғандарға арнайы кәдесыйларымызды ьабыс еттік, — дейді «ҚР Ұлттық банкі» РММ СҚФ директоры Диас Мэлс.