Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Алаштың ардакүрең ақыны Ерік Асқаровтың туғанына 65 жыл толуына орай оқушылар айтысы өтті. Сайысқа облыс орталығы мен Қызылжар, Мамлют аудандарының мектептерінен 10 жас дарын қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Сөз сайысына ақын, өлкетанушы Дәстен Баймұқанов, Мәдениет қайраткері Қайырлы Ғафуров, “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының директоры Жанат Мұхамеджанов, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актері Олжас Омаров қазылық етті.
Айтыста бірінші орынды Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясының оқушысы Нұрғиса Қайыртай еншіледі. Өзге қатысушылар да жүлделі орындармен және Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Кәкімбек Салықов атындағы арнайы сыйлықтармен марапатталды.