Петропавлда оқушылар арасында айтыс өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Алаштың ардакүрең ақыны Ерік Асқаровтың туғанына 65 жыл толуына орай оқушылар айтысы өтті. Сайысқа облыс орталығы мен Қызылжар, Мамлют аудандарының мектептерінен 10 жас дарын қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Сөз сайысына ақын, өлкетанушы Дәстен Баймұқанов, Мәдениет қайраткері Қайырлы Ғафуров, “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының директоры Жанат Мұхамеджанов, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актері Олжас Омаров қазылық етті.

Айтыста бірінші орынды Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясының оқушысы  Нұрғиса Қайыртай еншіледі.  Өзге қатысушылар да жүлделі орындармен және Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Кәкімбек  Салықов атындағы арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz