Петропавлда биыл 53 көшенің жолы жөнделеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда көше жолдарын жөндеу бойынша былтыр қолға алынған ауқымды жұмыс биыл жалғасын таппақ. Жоспар бойынша 53 көшенің 45 шақырымы жөнге келтіріледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Петропавл қаласы бойынша партиялық сайлауалды бағдарламаның іске асырылуы, алдағы жылыту маусымына даярлық, облыс орталығын сумен, газбен және электрмен қамтамасыз ету мәселесі. Осы және өзге де мәселелер қалалық мәслихаттағы «AMANAT» депутаттық фракциясының отырысында қаралды.

Бүгінде Петропавлда жол сапасы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Кеңесте қала әкімі Серік Мұхамедиев былтыр ұзындығы 58 шақырым болатын 47 көшеде жол төсемі жаңартылғанын айтты. Биыл облыс орталығының 53 көшесінде жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның 39-ында ешқашан асфальт болмаған. Жиын барысында Петропавл басшысы тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы да айтты.

— Өткен жылы 191 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 26 құрылыс алаңында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Оның 11-і бюджеттік болса, қалғаны – коммерциялық үй. Халық санының өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс артқан. 2024 жылдың соңына дейін 207,1 мың шаршы метрді қолданысқа беру міндеті тұр. Бүгінгі күні 21,4 мың шаршы метрі салынды, — деп атап өтті Серік Мұхамедиев.

Петропавлда жылу желілерінің 7,5 шақырымы да ауыстырылмақ. Сонымен қатар, осы жылы жергілікті билік өкілдері сорғы жабдықтарын жөндеу, бекіту арматураларын ауыстыру және жылу оқшаулағышты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған.

— Биыл Промышленная — Жуков көшесіндегі жылу магистралі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл қаланың солтүстік бөлігі мен өнеркәсіптік аймақтың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, №5 жылу магистралінің құрылысы жалғасады. Нәтижесінде Орман, Борки шағын аудандары, жаңадан салынып жатқан әскери академия ғимараты мен жаңа кәсіпкерлік нысандары орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады, — деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айдын Мәкенов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz