Індет келгелі Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцина 293 457 адамға егілді. Бұл өңір тұрғындарының 79,6 пайызын құрайды. Оның ішіндегі 275 437 адам вакциналау курсынан толық өткен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мамлют ауданы алғашқы вакцинация науқанын өткізу бойынша облыста алда екенін атап өтті. Онда тұрғындар 100 пайыз екпе алған. Сондай-ақ, Жамбыл ауданының көрсеткіші 97,5 және Шал ақын ауданы 95,6 пайызды құрап отыр.
Бұл ретте Қызылжар ауданы арта қалып отыр. Мұнда тұрғындардың 60,2 пайызы ғана егілген. Бұл көрсеткіш «Денсаулық» жеке коммерциялық емес мекемесінде — 64,7 пайыз болса, бірінші қалалық емханада — 69,1 пайыз.
Соңғы үш аптада облыста вакциналау 3 пайызға өсті.
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов орынбасары Тимур Сұлтанғазиевке аудан әкімдерімен бірлесіп, вакциналау қарқынын жеделдетуге және коронавирустық инфекциямен сырқаттануды төмендетуге көмектесетін қажетті ұйымдастырушылық шаралар қабылдауды тапсырды.
Солтүстік Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салдыруда көш бастаған аудандар белгілі болды
530