Заңсыз айналымнан 18 келінден астам есірткі шығарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл СҚО полицейлері есірткіге қатысты 104 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавл қаласы полиция басқармасының құрамындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Жангелді Әпеновтің айтуынша, жыл басынан есірткімен байланысты 104 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде 54-і – есірткіні сату, 4-уі – аса ірі көлемде сақтау фактілері. Заңсыз айналымнан 18 келіден астам есірткі тәркіленіп алынды, оның 4 келіден астамы – синтетикалық есірткі және 14 келісі – марихуана.

– Құқықтық сауаттылығы төмен болғандықтан және оңай ақшаны уәде еткенге сенген жастардың есірткі бизнесіне тартылуы ерекше алаңдатады. Жедел жұмыстардан бөлек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен аудандық бөліністер жасөспірімдердің арасында алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізіп тұрады, – дейді Жангелді Әпенов.

Полиция қызметкерлері түрлі конкурстар, челлендждер, спорттық іс-шаралар өткізіп тұрады, еріктілермен, оқушылармен және студенттермен бірлесіп әлеуметтік бейнероликтер түсіреді. Қаңтар айынан бастап өткізілген түрлі 337 іс-шараға 15 мыңнан астам оқушы қатысты. Бұдан бөлек, сақшылар интернет-кеңістікті де бақылайды. Мониторинг нәтижесінде есірткі заттарының жарнамасы бар 88 сілтеме бұғаттау мақсатында “Киберқадағалау” бағдарламасына енгізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz