Петропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін Петропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығу шарасын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Осыған байланысты, сағат 19:00-ден 22:00-ге дейінгі кезеңде Ж.Жабаев, Крепостная көшелері, сондай-ақ Володарский өткелі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Автобус бағыттары мен өзге де көлік құралдары үшін айналма жол ретінде Жамбыл өткелі пайдаланылатын болады.

— Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұраймыз, — делінген СҚО бойынша терроризмге қарсы орталықтың таратқан мәліметінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz