Петропавлдағы «Солнечный-2» шағынауданында балабақшаның құрылысы басталды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі 90 орынға шақталмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Солнечный 2» шағынауданындағы балабақша толықтай жеке инвестордың қаражатына тұрғызылуда. Жайлы мекеменің құрылысымен «Мирас Group» ЖШС айналысуда. Жоба құны – 500 млн. теңге. Жоспар бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемесі күз мезгілінде қолданысқа беріледі.
Бұған дейін белгілі болғандай, тасқын судан зардап шеккендерге бұл кентте 700 үй салынады. Бұл жұмыстарға студенттердің құрылыс жасақтары тартылған.