Маусымның 10-ы мен 20-сы күндері аралығында ыстық су берілмейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда келесі жылыту маусымына дайындық барысында 10 күнге ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Севказэнерго» АҚ мәліметінше, облыс орталығын ыстық сумен қамту 10 маусым күні тоқтатылып, тек 20 маусым ғана беріле бастамақ.

Бұл аралықта «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізеді.

Сынақтың мақсаты — келесі жылыту маусымына дайындалу, құбырлардағы және жылу желілері мен жабдықтардағы ақауларды анықтау.

Сынақ кезеңінде барлық магистральдық желілердегі қысым жұмыс кезіндегі қысымнан 25% жоғары болады. Сонымен қатар желідегі судың температурасы +40 градустан аспайды.

Сынақтар аяқталғаннан кейін үйлерге ыстық су кезең-кезеңімен қосылады. Ал ақаулар анықталған жағдайда магистральдық желілердің учаскелері жөнделеді, ал осы учаскелердегі тұрғын үйлерде ыстық су болмайды.

Компания өкілдерінің айтуынша, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-де жұмысты жедел аяқтау үшін қажетті құбыр, қалпына келтіру материалдары жеткілікті, қосымша қызметкерлер жұмылдырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz