Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс компанияларының басшыларымен бірге «Солнечный 2» жаңа шағын ауданындағы саябаққа ағаштар отырғызды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Қазіргі уақытта шағынауданда су тасқынынан зардап шеккендерге 520 үй салынып жатыр. Барлығы 700 үй тұрғызылмақшы. Құрылыспен қатар көшелерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Облыста зардап шеккендерге баспана мәселесін шешу белсенді жүргізілуде. Барлығы 1720 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Бүгінгі таңда комиссиядан 800-ге жуық адам өтті. 98 пәтер сатып алынды, тағы 240 өтініш төлемге жіберілді. «Солнечный-2» ықшам ауданынан жаңа үй алуға 203 өтініш қабылданды.
Сондай-ақ, қаланы аралау кезінде өңір басшысы Қазақстан Конституциясы көшесі, саябақтар мен қалаға кіре беріс жерлерді абаттандыру жұмыстарына ерекше мән беруді тапсырды.