119
Жамбыл ауданына Пресновка ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, жалын шаруашылық құрылыстарына тарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
— Қабылданған шаралардың арқасында құтқарушылар газ баллонын өрттен алып шықты. Өрт 120 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп жазды ведомстводан.
ТЖМ үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.