Футбол ел біріншілігінің 10-шы турында «Қызылжар» клубы өз алаңында семейлік «Елімай» командасын қабылдады. Бұл ойында жеңімпаз анықталмады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен демалыс күндері футболдан ел чемпионатының кезекті ойындары өтті. «Қарасай» стадионында жергілікті «Қызылжар» семейлік аяқдопшыларды қабылдады. Бірінші таймда екі команда да есеп аша алмады. Кездесудің екінші бөлімінде жерлестеріміз есепте алға шықты. Матчтың 63-ші минутында Юрий Бушман бірінші голдың авторы атанды. Араға 10 салып, қонақтар «Елімай» командасы таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп 1:1.
10-шы турдан соң «Қызылжар» клубы турнирлік кестенің 10-шы сатысына жайғасса, қарсыластары «Елімай» 4-ші орынға көтерілді. Әзірге көш басында «Ақтөбе» командасы тұр. Олардың еншісінде 18 ұпай бар.