Биыл облыста 1 мыңға жуық тұрмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жыл басынан тұрмыстық салада 1202 құқық бұзушылық тіркелді, ал өткен жылдың осы кезеңінде 823 факті анықталды.
– Мұндай құқық бұзушылықтар саны 46,1 пайызға артты. Бұдан жәбірленушілердің бұрын қанша фактіні жасырғанын көреміз, – деп атап өтті СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.
Полицейлер елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері бойынша тәулік бойы республикалық “қауырт желі” – “111” телефоны жұмыс істейтінін еске салады.