Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 35 жұмыс орны ашылатын жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, жобаларды іске асыру кезінде инвесторлар («Вердиев В.М.» ЖК, ЖШС «УК Әділ» ЖШС) инженерлік инфрақұрылымды орнату және байланыс желілерінің құрылысын аяқтау кезінде мердігер тарапынан келісімшарттық міндеттемелерді орындау мәселелеріне тап болды.
Фронт-офис аясында инвесторлардың қатысуымен аталған мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары әзірленді. «Вердиев В.М.» жеке кәсіпкерінің жобасы бойынша прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін қажетті бюджет қаражаты бөлінген. Сондай-ақ, «УК Әділ» ЖШС-нің жобасы бойынша аудан әкімдігі құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел аяқтаған мердігерге шара қолданды. Мәселелердің оң шешілуі инвесторларға өз жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік берді.
Жыл басынан бері қадағалау органы 52,2 млрд. теңгеге инвестиция салуды жоспарлап отырған инвесторлардың 8 мәселесін шешті.