Спорт саласында қаржылық бұзышылықтар анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында спорт саласындағы жекелеген бағыттар бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тексеру комиссиясының ақпаратынша, белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 2,5 млн. теңгені құрады. Аудиторлар рәсімдерді орындау тәртібінде 35 заң бұзушылығын анықтады.

– Аудит объектілері жалақы, үстемеақылар, іс-сапар шығыстарын төлеу, жанар-жағармай материалдарын есептен шығару, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы және т.б. бұзушылықтарға жол берді. Мемлекеттік аудит объектілерінің сегіз лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Шаралар қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 72 материал ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді, – деп хабарлады тексеру комиссиясы.

Бес лауазымды тұлға жалпы 1 млн. теңгеге жуық айыппұл сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz