520
Еліміздің 5 аймағында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысында да бүгін жел көтеріліп, кей жерлерде екпіні секундына 15-28 метрге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, боран облыс орталығын да айналып өтпейді. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, бұрқасын көтерілуі мүмкін. Ал, алдағы демалыс күндері ауаның температурасы -17, -22 градусқа дейін төмендейді.