Биыл облыс арқылы өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 281 шақырымы жөнге келтірілмек. Бұл мақсатқа бюджеттен 22 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
«Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалының мәліметінше, биыл жүзеге асуы тиіс он жоба аясында 30 километр жол жаңартылады, жалпы ұзындығы 57,7 шақырым болатын екі нысанда күрделі жөндеу жүргізілсе, қалған 7 нысанда орташа жөндеу жұмысы атқарылады.
Республикалық маңызы бар «Челябіге барар РФ шекарасы-Петропавл, Омбы арқылы Новосібірге барар РФ шекарасы» М-51 автомобиль жолының 633-648 км таңдамалы түрде орташа жөндеу жұмысы басталды. Бұл учаске Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында орналасқан, жалпы ұзындығы 14 километр.
Жұмысты «ДОРОЖНИК АШЫҚ АСПАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып жатыр. Шарт былтыр қараша айында жасалды. Мердігер компания жол бетін тегістеп, асфальтбетон жабынын жөнге келтіреді және жол жиектерін орнатады. Сондай-ақ жол таңбаларын салып, жол белгілерін ауыстыру жоспарланған. Жұмыс биыл аяқталады.
Жобаны іске асыру нәтижесінде автомобиль жолымен жүру уақыты қысқарады және техникалық сипаттамасы жақсарып, өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Учаскедегі жөндеу жұмыстарының сапасын облыстық Жол сапасы активтері ұлттық орталығы өз бақылауында ұстайды.