СҚО арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге 22 млрд. теңге бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыс арқылы өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының  281 шақырымы  жөнге келтірілмек. Бұл мақсатқа бюджеттен 22 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалының мәліметінше, биыл жүзеге асуы тиіс он жоба аясында 30 километр  жол жаңартылады, жалпы ұзындығы 57,7 шақырым  болатын екі нысанда күрделі жөндеу жүргізілсе, қалған 7 нысанда орташа жөндеу жұмысы атқарылады.

Республикалық маңызы бар «Челябіге барар РФ шекарасы-Петропавл, Омбы арқылы Новосібірге барар РФ шекарасы» М-51 автомобиль жолының 633-648 км таңдамалы түрде орташа жөндеу жұмысы басталды. Бұл учаске Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында орналасқан, жалпы ұзындығы 14 километр.

Жұмысты «ДОРОЖНИК АШЫҚ АСПАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып жатыр. Шарт былтыр қараша айында жасалды. Мердігер компания жол бетін тегістеп,  асфальтбетон жабынын жөнге келтіреді және жол жиектерін орнатады. Сондай-ақ жол таңбаларын салып, жол белгілерін ауыстыру жоспарланған. Жұмыс биыл аяқталады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде автомобиль жолымен жүру уақыты қысқарады және техникалық сипаттамасы жақсарып, өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Учаскедегі жөндеу жұмыстарының сапасын облыстық Жол сапасы активтері ұлттық орталығы өз бақылауында ұстайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz