Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталғанын хабарлады, деп жазады Qyzyljarnews.kz.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 87%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 87,8%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,5%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

— Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі, — деп жазды ведомстводан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz