Жыл басынан бері облыста көкжөтелдің 46 жағдайы тіркелді. Оның 36 дерегі Петропавлда анықталғаны белгілі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, көкжөтелге шалдығудың 43 фактісі, яғни 93 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларда анықталды.
– Былтыр облыста көкжөтел ауру тіркелмеді. Биыл 36 жағдай Петропавлда, Қызылжар ауданында 6, Айыртау ауданында 2 және бір-бір деректен Мамлют және Есіл ауданында анықталды, — дейді баспасөз қызметі.
Мамандардың сөзінше, көкжөтел анықталған 44 адам қажетті иммундау шарасынан өтпеді.