Жазғы демалыста 14 сауықтыру лагері жұмыс істейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-дағы балалардың 94,2 пайызы жазғы демалыспен қамтылмақ. Бұл шамамен 68 мың оқушыны құрап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, жазғы уақытта өңірде 204 мектепалды және 258 салалық алаңқайлар жұмыс істейтін болады. Балалар демалыстарын 27 шатырлы және 7 киіз үй лагерьлерінде тыныға алады.

– Биыл жазғы уақытта балалар қосымша білім беру ұйымдары ұйымдастырған 25 аулалық клуб жұмыс істемек. Сондай-ақ Оқушылар сарайында жазғы академия қызметін жүргізеді. Облыстағы 14 лагерь әлеуметтік осал топтарға жатқызылған отбасылардан шыққан 3 мыңға жуық баланы қабылдамақ, — дейді СҚО білім басқармасында.

Бүгінгі күні барлық жазғы сауықтыру лагерьлерінде балаларды қабылдауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz