Үш ауданның балалары облыс орталығын аралады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Бір күн қалада» жобасы аясында Айыртау, Уәлиханов пен Ақжар аудандарының оқушыларына Петропавлда экскурсия өткізілді. Шара облыстық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жоба аясында 40-тан астам оқушы қаланың көрікТІ жерлерін аралады. Ауылдық мектептердің оқушылары облыс орталығындағы мұражайларға барып, ел тарихынан сыр шертер құнды жәдігерлердің тарихымен танысуға мүмкіндік алды.

Алдымен балалар «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешеніне барды. Мұражай мамандары оқушыларға үш жүзді біріктірген Абылай ханның өмірі мен ол билік жүргізген дәуір жайлы баян етті. Ауылдық бозбалалар тарихи құжаттармен, тұрмыстық заттармен, XVIII ғасырдағы көшпелі қазақ қаруларымен танысты. Кейін оларға облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жұмысымен танысуға мүмкіндік берілді. Бүгіндері музейде 350 мыңға жуық құнды жәдігер қойылған.

Оқушылар рухани ой-өрістерін кеңейтіп қана қоймай, «Нептун» аквапаркінде уақыттарын көңілді өткізе алады. Содан соң «Аттракциондар әлемі» ойын-сауық саябағында жас саяхатшылар түрлі аттракциондарға барды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz