Петропавлдағы маусымның 8-і күні аудандардың әлеуетті өнім берушілерінің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, Петропавлда дәстүрлі жәрмеңкеге 7 аудан қатысады. Сауда-саттық сағат 8:30-да басталып 12:00-ге дейін жалғасады.
Жәрмеңкеге мына аудандар қатысады:
«Алтын Арман» базарында: Ақжар, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев аудандары;
«Қызылжар-Ақбастау» базарында: Есіл, Жамбыл, Уәлихан аудандары;
«Дария» базарында: Мамлют ауданы.