СҚО-да тегін ота жасауға 361 млн. бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде биыл жоғары технологиялық қымбат отаны сырқаттарға тегін жасау үшін 361 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Ольга Полянскаяның айтуынша, өмір үшін аса маңызды қымбат отаға биылға бөлінген қаражаттың 207,7 млн. теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы беріліп отыр.

МӘМС жүйесінде жоғары технологиялық емдеу әдістерінің тізбесінің және көлемінің ұлғаюының арқасында өлім-жітімнің, оның ішінде жүрек-қан тамырлары және неврологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің төмендеуі байқалады.

Облыстық көпсалалы аурухана кардиологиялық орталығының жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімшесі 30 орынға шақталған. Мұнда кардиохирургтар, қан-тамыр хирургтары, сондай-ақ интервенциялық кардиологтар мен рентген хирургтар жұмыс істейді.  Бөлімше мамандары жүрекке ашық операция жасайды, мысалы: аортокоронарлық және маммар-коронарлық шунттау, жүрек қақпашаларын протездеу және пластикасын, сол жақ қарыншаның пластикасын істейді. Тек қан-тамыр хирургтары ғана отаның 100-ге жуық күрделі түрін жасайды.

Былтыр 42 сырқатқа 248,8 млн. теңге сомасына жоғары технологиялы оталар тегін жасалған. Орташа алғанда, жасалған бір операцияның құны шамамен 6 млн теңге.

— Жиі жасалатын жоғары технологиялық операциялардың бірі — бас және мойын тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы немесе окклюзиясы. Медициналық көмектің бұл түрі биыл қаңтарда ғана облыстың 3 тұрғынына көрсетілді. Олар сақтандырылмаған жағдайда емделу үшін 6 млн. теңгеден астам ақша төлейтін еді,  — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Ольга Полянская.

Маманның айтуынша, медициналық сақтандырылған адам қымбат операцияны тегін жасатуға құқылы.

Егер адам ауырып қалса және қымбат технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеуді қажет етсе, онда тұрғылықты жеріне қарамастан қажетті медициналық көмек ала алады. Ал қызметті алу үшін емдеуге жату жоспарлы түрде жүргізіледі.

— Пациент тіркелген жері бойынша емханаға жүгінуі қажет, емхана оны алдын ала консультациямен және қабылдаушы медициналық мекеменің қорытындысымен емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркейді. Егер қажетті медициналық көмекті жергілікті деңгейде көрсету мүмкін болмаса, онда комиссия пациентті республикалық деңгейде емделуге жібереді, — дейді  маман.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz