СҚО-да «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында 105 тонна қоқыс жиналды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Маусымның 6-сы күні ел бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында «Таза бейсенбі» республикалық акциясы басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында ластанған аумақты тазалауға 800-ге жуық адам шықты. Ең үлкен учаскелердің бірі облыс орталығында анықталды. Акция аясында партиялықтар, спортшылар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жастар, зейнеткерлер мен депутаттар 20-шы шағынауданда тау-тау болып үйіліп жатқан жерді күл-қоқыстан тазартты.

— Жуков көшесі, 5в мекенжайының маңында орналасқан учаске алдын-ала таңдалып алынған. Шаруаға «Новинтех» және «Коммунхоз» ЖШС ұсынған 5 бірлік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, 100-ден астам еріктілер мен белсенділер қосылды. Айта кетейін, бұл акция апта сайын өтетін болады, — дейді «AMANAT» партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

Аталған экологиялық іс-шараға қатысқан жандар шаһарға бей-жай қарауға болмайды дейді. Грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аманғали Бекболатов ең алдымен тазалықты өзімізден бастауымыз керек деп санайды. Ол барша азаматтарды тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырды.

— Бүгіндері шаһарда қоқыс өте көп. Бәріміз бір адамдай бірігуіміз керек. Жастарға үлгі болуымыз қажет. Қоршаған ортаға бей-жай қарамау керектігін көрсетуіміз керек, — деді Аманғали Бекболатов.

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын-ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары әзірленетін болады. Одан кейін әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен филиалдары бекітіліп, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға байланысты мәселелерді шешеді.

whatsapp image 2024 06 07 at 10.11.03whatsapp image 2024 06 07 at 10.11.02

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz