176
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2024 жылдың 8, 9 және 10 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады: нөсер жаңбырдан бастап аптап ыстыққа дейін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Метеорологтар алдағы күндері Мәскеу облысынан соққан циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлады.
— Көптеген облыстарда қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, найзағай ойнап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, — дейді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Қазақстанға Жерорта теңізінен өте жылы ауа ағыла береді.
— Нәтижесінде, облыстардың басым бөлігінде термометрлер +27+35°, оңтүстікте +35+42°-қа дейін көтеріледі, — делінген хабарламада.