ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН

Авторы: Qyzyljar News

Өткен жылдың қараша айында Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғынының жанына бейтаныс ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz. Ол жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқан сияқты кейіп танытып, түрлі сипаттағы сұрақтар қоя бастайды. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, «тергеу барысында қажет» дегенді сылтау етіп, оның телефонына келіп түскен sms хабарламадағы құпия кодты айтуға көндірген. Кейін анықталғандай, ер адамның атына бір миллион теңгеден астам сомаға несие ресімделген.
Полиция қызметкерлері жуырда күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ақпараттық жүйені қолданушының сеніміне кіре отырып, оны алдау арқылы жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz