Қазақстанда Құрбан айт намазының уақыты белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

2024 жылдың 11 маусымында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ел аймақтарында Құрбан айт мерекесіне орай айт намазының уақытын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 16 маусым Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні болып жарияланды. Бұл күні барша мұсылман мерекелік таң намазын оқиды. Оның уақыты күннің шығуымен байланысты.

Бір қызығы, елдегі бір уақыт белдеуіне қарамастан, намаз уақыттары әр өңірде әртүрлі.

kurban ayt namazy

ҚМДБ сайтында атап көрсетілгеніндей, зул-хижжа айының алғашқы он күнінде бар ықыласпен ғибадат етіп, жақсылық пен сауапты амалдарды көбірек жасауға тырысу керек.

Сондай-ақ Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде мүмкіндігі бар мұсылман құрбандық шалуы керектігі айтылады.

Айта кетейік, биыл құрбандықты онлайн шалуға болады. Сондай-ақ бұл күндері елорда тұрғындары қоғамдық көлікте тегін қатынайды. 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz