Қант қызылшасын өсіруге қолдау

Авторы: Qyzyljar News

Вице-премьер Серік Жұманғарин Жетісу облысына жұмыс сапары аясында егіс науқанының қорытындыларымен және шегірткеге қарсы күрес барысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Серік Жұманғарин егістік басында өңірдің аграршыларымен кездесіп, оларға ауыл шаруашылығындағы мемлекетті қолдау шаралары туралы баян­дады. Атап айтқанда, қант қы­зыл­шасын өндіруді қолдау жөнін­де тоқталды.

«Бүгінде қызылша өсіру өте тиімді. Өткен жылы біз қант қызыл­­шасы тұқымын субсидиялау нормативтерін және өңдеуге тапсырылған қызылша көлемі үшін килограмына 15 теңгеден 25 теңгеге дейін арттырдық. Зауыттар сатып алу бағасын 15 теңгеге дейін көтерді. Осылайша, бір тонна қант қызылшасының жалпы құны 40 мың теңгені құрады. Гектарына 500 центнер өнімділікпен фермердің табысы шамамен 2 млн теңгені құрайды. Бүгінде қызылша – ең жоғары маржиналды дақыл», деп атап өтті вице-премьер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz