Жүк көліктерінің жүрісіне шектеу қойылуы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің 2024 жылғы 12 маусымдағы пленарлық отырысында ауыр салмақты көлік құралдары жолдардың бұзылуына ықпал ететінін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Әлихан Смайылов депутаттарға автомобиль саласы аудитінің нәтижелерін ұсынды.

«Шұғыл шешімдерді талап ететін елеулі жүйелік кемшіліктер анықталды. Соңғы төрт жылда автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күтіп ұстауға шамамен 1,9 трлн теңге бөлінді. Аудит деректері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі небәрі 72% құрайды. Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі фактор — рұқсат етілген массасы бұзылған ауыр көліктердің өтуі. Бұл мәселе тасымалдау процесіне жекелеген қатысушылардың мүдделерін қолдау және мемлекеттік органдардың принципті ұстанымының болмауы себебінен көптеген жылдар бойы шешіліп келеді», деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz