Қазақстандағы банктер қатарын тағы бір банк толықтыруы мүмкін. Бұл туралы 2024 жылдың 12 маусымында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Бұл туралы Ақордада Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттерінің келіссөздерінің қорытындысы бойынша айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль БАҚ өкілдеріне ресми мәлімдеме жасады.
«Елде кореялық микроқаржы ұйымы жұмыс істейді, оны екінші деңгейлі банк ету туралы шешімді қолдаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.