13 маусым күні Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Сенатта өткен брифинг барысында Астанадағы EXPO көрмесінің құрылысына жұмсалған қаражат тексерілетінін мәлімдеді,
«Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы өткен жылы палатаға екі қосымша функцияны жүктеді: активтерді басқару және жергілікті бюджеттерді игеру аудитін жүргізу, сондай-ақ басқа мемлекеттік аудит органдары жүргізетін аудиторлық іс-шараларды тексеру, қадағалау. Біз квазимемлекеттік сектор компанияларына егжей-тегжейлі аудит жүргіземіз. EXPO да квазимемлекеттік компания, сондықтан біз оны тексереміз», деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов EXPO көрмесінің құрылысы жұмсалған қаражатты толығымен ақтамағанын жасырмады.