Газ бағасы өсуі мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Энергетика министрлігі 1 шілдеден бастап газ бағасын көтеруді жоспарлап отыр. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл шешімге қатысты түсініктеме берді,

«Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге). Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін аздап өседі», делінген министрлік хабарламасында.

Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша  сұйытылған мұнай газы (СМГ) өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz