Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі

Авторы: Qyzyljar News

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты мақсат – әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Жалпы есепте жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары, арнайы техникалар, шетелдік банк есепшотындағы сақталған қаражат көрсетілуі керек. Қалалық мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, декларацияны қанша адам тапсырғаны есептелуде. Ал тапсырмаған жандарға айыппұл салынбақ.

– Петропавл қаласы бойынша жалпыға бірдей декларацияны 30 мың адам тапсыруы тиіс. Декларация қағаз және электрондық жеткізгіште ағымдағы жылдың 15-ші қыркүйегінен кешіктірілмеуі қажет. Салық есептілігін орындау үшін “e-Salyq Azamat” қосымшасын қолдану керек,-дейді қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Диана Әубәкірова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz