Солтүстік Қазақстан облысында киберқылмыс азаймай тұр

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында  интернет арқылы алаяқтық жасау фактілері жылдан жылға көбейіп барады. Мәселен, өткен жылы облыс аумағында 782 киберқылмыс  тіркелді. Ал биылғы қаңтар айында  54 жағдай анықталып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтың айтуынша, облыста интернет-алаяқтықтың ең көп тараған түрлері: алаяқтардың  өздерін банк қызметкері ретінде таныстыруы, онлайн сайттардан тауарға тапсырыс беру.

-Егер сізге бейтаныс біреу қоңырау шалып, өзін банк менеджері немесе қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде таныстырып, сіздің картаңыз бойынша басқа қалаға немесе шет елге ақша аударылайын деп жатқанын айтып, қаражатыңызды сақтандыру шотына аударуды ұсынса, дереу тұтқаны қойғаныңыз дұрыс. Себебі, банктің бірде-бір қызметкері клиенттерге хабарласып, құпия деректеріне қызығушылық танытпайды,-дейді Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ, өңірде орын алатын интернет-алаяқтықтардың көпшілігі хабарландыру жариялап, белгілі бір тауарды онлайн сату немесе сатып алу арқылы тіркеліп жатады. Осы себептен, солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары  тексерілген, сенімді сайттарда ғана сауда жасауға кеңес береді.

-Алаяқтар танымал парақшаларға ұқсатып өздерінің сайттарын ашып алады. Сондықтан барынша сақ болып, сауда жасасып жатқан сайтты жан-жақты тексеру қажет. Егер де сіздерден алдын-ала төлем жасауды сұраса, байланыстағы адамның жеке куәлігін талап ету керек. Сенімді болу үшін видеобайланыс арқылы хабарласып тілдескен артық болмайды,-дейді Марат Жұмалиев.

Тәртіп сақшысы  тұрғындарға банк карталарын бөтен адамдарға ұстатпауға кеңес береді. Өйткені қылмыскерлер картаны суретке түсіріп алып, интернет-сайттарда сауда жасауы әбден мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz