465
14 маусымда Ауыл шаруашылығы министрінің «Қант экспортының кейбір мәселелері туралы» бұйрығы күшіне енді. Ол Қазақстаннан қантты шетелге, оның ішінде ЕАЭО мемлекеттеріне экспорттауға ресми түрде тыйым салады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі бұл шектеу жаздың соңына дейін күшінде болатынын хабарлады. Тыйым Қазақстан аумағы арқылы қанттың халықаралық транзитіне қолданылмайды.