«Disney» қолдауымен қазақшаланған туынды

Авторы: Qyzyljar News

Әлемдік кинематографияның табысты туындыларының бірі саналатын «Ойжұмбақ 2» фильмінің қазақ тіліне тәржімаланып, қазақтілді аудиторияға жол тартуы – руханиятымыздағы елеулі оқиға, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.. Кино әлеміне нағыз жаңалық болып енген фильмді қазақтілді көрерменге жеткізу үшін «Disney» студиясы дубляжды алғаш рет өз есебінен қаржыландырып отыр.

Тоғыз жыл бұрын түсіріліп, жарыққа шыға сала «жылдың үздік фильмі» атанып, Оскарды иеленіп, шартараптағы киносүйер қауымды әлі күнге тамсандырып келе жатқан «Ойжұмбақ» анимациялық туындысының жалғасы болатыны жарияланғанда, әлем көрермені оны асыға күтті. Атағы дүркіреген фильмнің бірінші бөлімін әлемнің көптеген елі жалма-жан өз тіліне аударып алып, ұрпағының дұрыс дамуына кәдеге жарайтын көмекші құрал есебінде ұсынып жатты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz