Қазақстан дәрігерлері алғаш рет балалардың мүгедек боп тууын азайту мақсатында құрсақішілік дамудағы ақауларын түзете бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz. Фетальды оталар әлі дүниеге келмеген нәрестенің денсаулығы мен өмірі туралы көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретін жағдайларда жасалады. Фетальды оталар балалардың мүгедек болып дүниеге келуін азайтуға септігін тигізеді.
Фетальды хирургия – медицинаның Қазақстанда қолға алынып жатқан мүлдем жаңа бағыты. Жобаны Денсаулық сақтау министрлігі AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырып отыр.