Өңірде ауылдардағы кәсіп иелеріне арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бірқатар аудан тұрғындарына жеңілдетілген несиетер берілген. Бүгінде олардың алды қаржыны игеріп, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі – Бескөл ауылында тұратын Айман Байділдаева. Ол өз ауылында көлік жуу орнын ашқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Айман Байділдаеваның көлік жуатын өз-өзіне қызмет көрсету орны туралы жобасы бағдарлама аясында алғаш болып мақұлданған жобалардың бірі. Кәсіпкердің сөзінше ол үш аптаның ішінде кеңес алып, қаржыны алып үлгерген.
-Күйеуім екеуіміз бұл ойымызды бұрыннан жүзеге асырғымыз келіп жүрген. Алғашында несие алмақ болдық, кейін бағдарлама туралы естіп, өтініш бердік. «Солтүстік» ӘКК-дан кеңес алып, қажетті құжаттарды жинадым. Жеңілдетілген несиеге қолым жеткенде қатты қуандым. Ол ақшаға қажетті құрал-жабдық сатып алдық. Алдағы уақытта қызмет ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз,-дейді Айман Байділдаева.