СҚО-да алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Полиция өкілдері әлеуметтік желіге талдау жүргізу барысында діни алауыздық тудыратын мазмұндағы мәтін жариялаған күдіктіні анықтады.
Оны полиция бөлімшесінде тергеу барысында күдікті ұялы телефонын беруден бас тартты. Құзырлы органның бұйрығына бағынбаған ол телефонын сындырмақ болған. Артынша пагонды қызметкерге жұдырық жұмсаған.
«Күдікті ұсталды. Оған қатысты алауыздық тудыру және билік өкіліне күш көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін сараптама көрсетеді», – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
ПОЛИЦИЯҒА ЖҰДЫРЫҚ ЖҰМСАДЫ
353
алдыңғы жаңалық