САДАҚ АТУДАН ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

Авторы: Qyzyljar News

Өңірімізде биыл садақ ату федерациясы құрылған болатын. Көп уақыт өтпей аталған спорт түрінен жеткіншектер арасында бірінші рет облыстық чемпионат өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz
СҚО садақ ату федерациясының басшысы Жасұлан Ғаббасовтың айтуынша, ата-бабамыздан келе жатқан өнер бүгінде спорт түріне енген. 16-17 жасқа дейінгі балалар 25 м, 13-15 жастағылар 20 м қашықтыққа ату бойынша бақтарын сынады.
Құралайды көзге атқан мергендер сайысына өңіріміздің 3 ауданынан және қала мектептерінен 20-дан астам бала қатысты. Жас спортшылар аталған спорттың үш түрі бойынша сынға түсті. Олар – жамбы нысанасы, түріктің пут нысанасы және қалқан нысанасы. Жарыс қорытындысы бойынша Қызылжар ауданынан келген мергендер басқаларынан оқ бойы озық болды. Сайыс жеңімпаздары шілдеде Өскеменде өтетін ел чемпионатында бақ сынайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz